[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/b38c25ea-ca49-4850-8f10-6101a7d732fb.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Облыс полицейлері үйлерінің ішінде заңсыз қару сақтаған қос тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Солтүстікқазақстандық полицейлер 1 күнде тіркелмеген атыс қаруын сақтаған 2 бірдей тұрғынды анықтады. Алғашқы ИЖ-54 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы мен екі патрон 52 жастағы тайыншалықтың үйінен табылған. Ол қаруды диванның астында сақтап жүріпті. Айтуына қарағанда, бұл затты екі жыл бұрын қайтыс болған әкесінің үйінен тапқан көрінеді. Келесі заңбұзушылық Есіл ауданында тіркелді. 67 жастағы тұрғын тіркелмеген ИЖ-18М мылтығын шкафта сақтаған. Сөзінше, мылтықты ол өткен күзде орманнан тауып алған. Анықталған дүниелерді ҚР ІІМ деректер базасы бойынша полицейлер тексерді. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша хаттама толтырылды.
«Екі факті 5 сәуірде басталған «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықталды. Жедел-профилактикалық шараның мақсаты – қылмыстардың алдын алу. Естеріңізге сала кетейік, қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылған кезде бұл туралы дереу полицияға хабарлау қажет. Тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсыру – оны заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен құтқарады», — деді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.
Тағы оқыңыз: Биыл облыста 4100 га жерге 23 млн көшет отырғызылады
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]