Су тасқыны кезінде Қызылжар ауданында жалпы 1546 үй су астында қалды. Оның 240-ы Прибрежное ауылында орналасқан. Қазір елді мекендегі зардап шеккен үйлер қайта қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылында үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары қыза түскен. Бұл жерде  Алматы облысынан келген арнайы бригада жұмыс істеп жатыр. Олар Прибрежное ауылындағы 10 баспанаға жауапты. Қазір үйлерде техникалық бағалау жүргізілуде. Кейінен мамандар жөндеу жұмыстарын бастайды. Қазіргі уақытта  ауыл көшелері мен аулалар қоқыстан тазартылып жатыр. Тасқын судан баспанасы суға кеткендердің бірі – Ерік Бекайдаров. Ол 1966 жылдан бері осы Прибрежное ауылында тұрады екен.

«Үйім тұруға жарамсыз»: Тасқын судан зардап шеккен ауыл тұрғыны мәселенің тезірек шешілгенін қалайды

«Бүгін жұмысшылар келіп, үйімді қоқыстан тазартып жатыр. Барлық жиһаздарымды лақтырып тастадық. Не боларын білмеймін. Үш рет бағалау комиссиясы келді. Бірақ маған ешқандай жауабын айтқан жоқ. Бұл баспанада алдағы уақытта қалай тұрамыз? Мәселе тезірек шешілсе екен», — дейді Прибрежное ауылының тұрғыны Ерік Бекайдаров.

Айта кетейік, Қызылжар ауданындағы үйлерді бағалау жұмыстарына астаналық мамандар тартылған.

Тағы оқыңыз:Қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы үйге интернет қоса алады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x