Демалыс күндері футболдан Қазақстан Премьер лигасының 15- тур ойындары өтті. Жергілікті «Қызылжар» ФК сырт алаңда елордалық «Астанамен» тең түсті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бұл теріскейлік команда үшін үлкен жетістік деп айтуға болады. Себебі, қазіргі таңда Астана футбол клубы турнирлік кестеде көш бастап тұр. Одан қалды, елордалық теңбіл доп шеберлері жыл сайын ел намысын еуропалық деңгейде қорғап жүр.

Ойын өте тартысты өтті. Матчтың 70-і минутына дейін алаң иелері 3 те 1 есебімен алда тұрды. Бірақ, қызылжарлықтар жиналып, 5 минуттың ішінде екі гол соқты. Есеп 3-3.

Айта кету керек, қазіргі таңда «Қызылжар» футбол клубы турнирлік кестеде 15 ұпаймен 8-ші орында тұр. Теріскейлік команда келесі ойынын 5-шілде күні өз алаңында өткізеді. Қарсылас — шымкенттік «Ордабасы».

Тағы оқыңыз: Қазақстанда депутаттар демалысқа шықты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *