Демалыс күндері футболдан «Қазақстан премьер лигасының» 17-тур ойындары өтті. Жергілікті «Қызылжар» футбол клубы өз алаңында турнирлік кестеде соңғы орынға жайғасқан «Атырау» командасынан жеңілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ойын тең дәрежеде өтті. Барлығы жергілікті командадан жеңіс күтті. Себебі, атыраулық

футбол клубы 17 ойында тек бір-ақ рет жеңіске жеткен. Өкінішке қарай, жанкүйерлердің сенімдері ақталмады. 18 минутта қонақ құраманың ойыншысы Ян Труфановтың соққан голы матч тағдырын шешіп кетті.

Бұл сәтсіздікке кім кінәлі? Бейресми ақпарға сүйенсек, «Қызылжар» футбол клубының ойыншылары айлықтарын ала алмай жүр. Сонын салдарынан кейбірі тіпті, жаттығуға да келмепті. Айта кету керек, теріскейлік команда турнирлік кестеде 19 ұпаймен тоғызыншы орында тұр. Келесі ойынын сырт алаңда жезқазғандық «Ұлытау»клубына қарсы өткізеді.

Тағы оқыңыз: Имантау-Шалқар курорттық аймағындағы инфрақұрылымды жақсарту үшін 3,3 млрд теңге жұмсалады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *