«Қызылжар» ФК ОЖЖ-дағы алғашқы жолдастық кездесуін өткізді. Петропавлдық команда өкінішке қарай жеңіліс тапты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қазіргі таңда «Қызылжар» футбол клубы Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүр. Оның аясында теріскейлік теңбіл доп шеберлері қырғызстандық «Азия» командасымен жолдастық кездесу өткізді. Бұл — петропавлдық клубтың қазан айынан бергі алғашқы ойыны.

Бірінші таймда қызылжарлықтар белсендң өткізді. Қарсыластың қақпасына бірнеше қауіпті шабуыл жасады. Сондай сәттердің бірінде легионеріміз Дамьян Краишник гол соқты. Бірінші кезең аяқталды. Есеп — 1-0.

Екінші таймда «Қызылжар» футбол клубының ойыншылары босансып кетті деп айтуға болады. Осыны пайдаланған қарсылас жауапсыз екі гол соқты. Тиісінше, бір де екі есебімен жеңіске жетті.

Тағы оқыңыз: Петропавлда есірткі сатумен айналысқан ер адам ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *