Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі Сақтаған Сәдуақасов қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Сақтаған Сәдуақасов ауданды небәрі бір жарым жыл басқарды. Осы қысқа мерзім ішінде аудан көптеген қиындықтарды бастан өткерді. Солардың ішіндегі ең күрделісі – былтырғы және биылғы су тасқыны болды.

Аудан әкімінің жұмысына қатысты халық тарапынан көп сын айтылды. Әсіресе су басқан аудан тұрғындары мен саяжай иелерінің әкім жұмысына көңілі толмады.

Қызылжар ауданының экс-әкімі немен есте қалды? Осы қысқа мерзім ішінде не істеп үлгерді? Бұл өз еркімен кеткен шешімі ме, әлде Сақтаған Сәдуақасовты қызметінен босатты ма?

Өз жазбасында Сақтаған Сәдуақасов әріптестеріне еңбектері үшін алғысын білдірген.

«Осы 1,5 жыл ішінде біз бірге көп нәрсені бастан өткердік: еңбек еттік, ауданды дамытуға күш салдық, қиындықтарды еңсеріп, алға жылжыдық. Алғашқы күндерден бастап аудан өмірін жақсарту үшін барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсадым. Әсіресе, су тасқынымен күресіміз есімде ерекше қалды — бұл оңай сынақ болмады. Бірақ сіздердің табандылықтарыңыздың, қолдауларыңыздың және бірліктің арқасында біз бұл қиындықты еңсере алдық», — деп жазды Сақтаған Сәдуақасов.

Сондай-ақ ол ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларына, кәсіпкерлерге, коммуналдық қызметтерге, депутаттарға және барлық тұрғындарға алғысын білдірді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жол құрылысы кезінде пайдаланылып жатқан материалдардың 37%-ы сапасыз болып шықты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *