Қызылжар ауданында тасқыннан зардап шеккендердің өтініштері қайта қаралып жатыр

Қызылжар ауданында тасқын судан зардап шеккен тұрғындардың өтініштері қайта қаралып жатыр. Себебі, кейбір азаматтар комиссияның бастапқы шешімімен келіспей отыр немесе  жобалық құжаттарды қайта қарауды өтінгендер, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Зұлхия Жақыпова Прибрежный ауылының тұрғыны. Бір кездері жолдасы екеуі бау-бақшамен айналысамыз деп жер үй сатып алған. Алайда, былтыр жолдасы көз жұмыпты. Ал биыл, үйлерін су басты. Баспанасын тұрғызуға деп алған несиелері де тұр. Осының барлығын жалғызбасты әйел көтере алмаймын ба деп қорқады. Шығынды есептеуге арналған комиссяи әлі шешім қабылдамапты.

«Біздің үй ауылдың ең төменгі жағында тұр. Біз онда тек жазда тұрдық, ал қалған уақытта сол ауылдағы пәтерде тұрамыз. Денсаулыққа  байланысты таза ауада жүру керек болды. Біз аулада шай ішіп, орманға барып, жақын маңдағы көлге де баратынбыз.  Жуырда үйімізде болдым. Қабырғалары ішінен де, сыртынан да көгеріп тұр. Қамыс өсіп кеткен. Комиссияның айтуынша, үйдің ішінде еш нәрсе болмапты. Ал бізде  төсек-орын, ыдыс-аяқ, үстел, орындықтар болды. Ия, қымбат дүние емес.  Мен тіпті 150 АЕК-ке өтініш жазған жоқпын. Бүгін маған залалды өтеу үшін смета жасалатынын айтты. Қандай келтірілген зиян үшін екенін білмеймін. Өткен жылы орталық көшеден су тартуға 1,5 млн теңге жұмсадым», — дейді ауыл тұрғыны Зулхия Жақыпова.

Бұл жолы аудандық комиссия мүшелерімен жеке кездесуге Тепличное  тұрғыны Екатерина Лапшина да келді. Олардың үйі 60-шы жылдары қамыстан салынған. Тасыған су терезеден жоғары болған.  Комиссия жылжымайтын мүлікті апатты деп тауып,  сүру туралы шешім қабылдады.

«Бәрі суда болды, жиһаздың бәрі ағып кетті.  Біз су тасқынынан кейінгі үйдің жағдайын көргенде, не істерімізді білмедік. Шарасыз күйде болдық.  Біз алдымен ата-анамызбен бірге тұрдық, содан кейін жатақханада біраз уақыт тұрдық. Күн жылығасын гаражда тұрып жатырмыз. Күн суытқанға  дейін баспаналы боламыз деп үміттеніп отырмыз. Ең бастысы-қыркүйекке дейін көшу керек. Ол кезде балалар мектепке барады ғой», — дейді Қызылжар ауданының тұрғыны Екатерина Лапшина.

Қызылжар ауданының арнайы комиссиясының құрамында тоғыз адам бар. Бұл негізінен белсенділер: үкіметтік емес ұйымдардың, ардагерлер кеңесінің, мектеп директорлары мен мемлекеттік қызметшілердің өкілдері. Қазір олар негізінен өтініштерді қайта аарастыруда. Яғни, залалды бастапқы бағалау мен сметаларға наразы болған зардап шеккендердің мәлімдемелері бар.

«Кейбір сметалар бағалау  тұрғысынан дұрыс емес болды, кейбіреулері негізінен апаттылықпен немесе керісінше, үйді одан әрі пайдалануға болатындығына күмән келтіріп жатыр.  Ол үшін біз бір күнді арнайы бөліп,  комиссиямен  мекен-жайларға барамыз, өзімізбен бірге техник алып келеміз.  Ол  тағы да осы үйлерді тексереді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін техниктербар.  Бұл Павлодар қаласынан  «Стадия» және «Бірыңғай сервистік қызмет». Комиссия бүгінгі күні қалған барлық өтініштерді қарайды. Олардың саны шамамен 45. Отырыс барысында біз ескертулерді жоямыз, кемшіліктерді көрсетеміз және соңында барлығына сәйкес келетін шешім қабылданады», — дейді комиссия төрағасы Қуандық Шакубаев.

Қызылжар ауданында зардап шеккен 1 546 үйдің 390-ы сүрілуге жатады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан 251 адам еңбекақасын ала алмай жүр  

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x