Қызылжар ауданында үйлерді бағалау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Жалпы бұл ауданда 1546 үй табиғи апаттан зардап шекті. Олардың 1099-ы қайта қалпына келтірілсе, 320 баспана апатты деп танылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазіргі уақытта Қызылжар ауданында баспаналары тұруға жарамсыз деп танылған 100-ден астам отбасыға жаңа үй сатып алынған. Баспаналарды бағалау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Қазір комиссия мүшелері 1400-ден астам адамға қорытынды берген.

«Комиссия тағайындаған жөндеу жұмыстарына берілетін қаржымен  тұрғындар келіспей жатады. Ондай жағдайда комиссия сол үйге барып, толықтай қайтадан дефектолог мамандар тегін бағалау жүргізеді. Қазіргі уақытта Прибрежный мен Тепличный ауылдарындағы үйлерге қорытынды беру жұмыстары қалды. Зардап шеккен адамдардың әрбір өтініші ескеріліп жатыр. Күніне 60-70-ке жуық тұрғынды қабылдаймыз», — деді комиссия төрағасы Қуандық Шакубаев.

Тасқын судан зардап шеккендердің бірі — Олег Васильев. Ол Тепличное ауылының тұрғыны. 2018 жылы 350 шаршы метрлі үш қабатты үй салған. Алайда, табиғи апат салдарынан баспанасының 80 пайызы су астында қалыпты.

Қызылжар ауданында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға 100-ден астам үй сатып алынды

«Тасқын су менің үйімнің екінші қабатына дейін жетті. Мен комиссия отырысына осымен екінші рет келіп отырмын. Үйімнің жөндеу жұмыстарына  9 млн теңге беретін болды. Жөндеу жұмыстарын өзім жасаймын. Баспанамның 280 шаршы метрін су басты. Жиһаздарымның жартысын үлгергенше үшінші қабатқа көтеріп қойып едім. Қалғандарының барлығы жарамсыз болып қалды», — деді Олег Васильев.

Айта кетейік, жалпы Қызылжар ауданында 1546 үй табиғи апаттан зардап шекті. Олардың 320-сы тұруға жарамсыз деп танылған.

Тағы оқыңыз:СҚО-ға Қытай елінің делегациясы келді

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x