Қызылжар ауданында тасқын судан зардап шеккен 400 отбасыға гуманитарлық көмек жеткізілді

Бүгін Қызылжар ауданының су басқан үш ауылына гуманитарлық көмек жеткізілді. Онда 400-ге жуық отбасы тасқын судан зардап шеккен болатын, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қызылжар ауданындағы Березов ауылдық округіне 3 елді мекен кіреді. Ол – Большая Малышка, Барневка және Долматово. Мұнда биыл көктемде 400-ге жуық үйді су басқан. Бүгін сол тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізілді.

«Біз таратуға ыңғайлы болу үшін заттарды қаптарға салып қойдық. Оның ішінде күнбағыс майы, күріш, қарақұмық, макарон өнімдері, шай, қант пен тәттілер бар. Сондай-ақ сабын, сусабын сынды заттар да бар. Ал гуманитарлық көмекті келіп, алып кете алмайтын жандарға өзіміз апарып береміз», — дейді Қызылжар ауданының жастар ресурстық орталығының директоры Самат Есмағи.

Биыл көктемде Большая Малышка ауылының тұрғыны Инна Маниктің де үйіне су кірген. Қазір ол жұбайымен қалада пәтер жалдап тұрып жатыр. Баспанасын көруге үнемі келіп тұрады. Ал су кетісімен-ақ маңайды жинап, жөндеуге дайындап қойған.

Қызылжар ауданында тасқын судан зардап шеккен 400 отбасыға гуманитарлық көмек жеткізілдіҚызылжар ауданында тасқын судан зардап шеккен 400 отбасыға гуманитарлық көмек жеткізілді Қызылжар ауданында тасқын судан зардап шеккен 400 отбасыға гуманитарлық көмек жеткізілді

«Үйіміз ағаштан салынған. Белуардан су кірді. Қазір баспанамызды бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ең бастысы үйімізді қалпына келтіріп берсе болғаны. Жалпы, әкімдіктегілер жақсы көмектесіп тұрады. Өткен аптада мехбригадалар келіп зардап шеккендердің баспаналарын жинаған. Біз ол уақытта үйде болмадық. Ертең тағы келеді дейді. Үнемі гуманитарлық көмек әкеліп, барлық керек-жарақпен қамтиды. Қиын кезде қолдау көрсетіп жатқандарға алғысымыз шексіз», — дейді Большая Малышка ауылының тұрғыны Инна Маник.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жерді заңсыз беріп келген шенеуніктер жазаланды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x