Қызылжар ауданында денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, биыл ауданда 10 медициналық нысан қолданысқа берілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қызылжар ауданында биыл бес мектеп күрделі және ағымдағы жөндеу көрген. Маңызды іске 200 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Сонымен қатар, 34 млн теңге білім ұясындағы кабинеттерді жаңартуға және жаңа қондырғыларды сатып алуға жұмсалған.

«Оқушыларды тасымалдауға екі жаңа «Газель» сатып алдық. Биыл Белое ауылындағы мектеп жарамсыз деп танылды. Ондағы балалар Пеньково орта мектебіне қатынап, білім алуда. Белое ауылына 120 орынға шақталған жаңа оқу орнын саламыз. Жобаның құжаттамасы дайын», — деді аудан әкімі Бейбіт Исманов.

Биыл ауданда жеті фельдшерлік-акушерлік пункт қолданысқа берілді. Сонымен қатар, үш дәрігерлік амбулатория салынды. Бұл шаралар тұрғындардың аудан орталығына бармай-ақ, өз ауылдарында емделуге мүмкіндік береді.

«Қызылжар ауданында 300 орынға шақталған емхана салынуда. Сонымен қатар, ендігі жылы тағы тоғыз елді мекенге медициналық нысан салуды жоспарлап отырмыз», — деді аудан әкімі.

Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданы өсімдік, мал, құс шаруашылығы бойынша облыста көш бастады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *