Қызылжар ауданындағы «Серебряный бор» жазғы сауықтыру лагерінде қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Аталмыш лагерь өңірде болған су тасқынынан зақымданған еді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қызылжар ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ғауез Нұрмұханбетов «Серебряный бор» лагерінің қазіргі жағдайымен танысты. Су тасқыны кезінде демалыс орнын су басып, ол жерде жаз бойы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазір лагерь балаларды қабылдауға дайын. Мұнда 80 бала демалысын өткізе алады. Тамыз айында сауықтыру орны екі мауысымда жұмыс істемек.
«Біздің лагерде балалардың демалысына қажетті барлық жағдай жасалған. Асхана бар, душ орнатылған, ойын алаңдарымен де қамтылған. Басында су мәселесі бар еді. Қазір оны да шештік. Тасқын зардабы толықтай жойылды», — деді «Серебряный бор» жазғы сауықтыру лагерінің директоры Ғафура Бөстекова.
Іс сапар барысында Ғауез Нұрмұхамбетов Большая Малышка орта мектебіне де барды. Білім ордасы су тасқыны кезінде зақымданған еді. Қазір спорт залы мен асхана жөндеуден өтіп жатыр.
Тағы оқыңыз:СҚО-да тамыздың алғашқы 10 күні жауынды болады