Футбол клубтарын жекешелендіруге және футбол академияларын салуға елімізде 45 млрд теңге инвестиция тартылды. Жекенің қолына өтетіндердің қатарында солтүстік өңірдің «Қызылжар СК» футбол клубы да бар, деп жазады Qazaqstan Media.

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория Үкімет отырысында кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру және коммерцияландыру барысы туралы ақпарат берді. Ол тартылған инвестициялардың жиынтық көлемі 45 млрд теңгеден асатынын атап өтті.  Қазір «Қайсар» ФК ресми түрде жеке меншікке өтті. Онда  футбол академиясын салуға 12 млрд теңге инвестиция тартылған.

«Қызыл-Жар» СК» ФК бойынша да меншік құқығын беру процесі аяқталуда.  Онда инвестор жыл сайын кемінде 1 млрд теңге салуға міндеттеме алды»,-  деді Давид Лория.

«Жеңіс» ФК бойынша академия құруға жұмсалатын жалпы инвестиция көлемі 16 млрд теңгені құрайды. «Шахтер» ФК-ге қатысты қоғамдық бағалау мен тыңдаулардан кейін аукцион өтеді. Мұндағы инвестицияның жалпы көлемі 18 млрд теңгені құрайды.

Сонымен бірге спорттағы корпоративті басқарудың жаңа модельдерін енгізу мәселесіне де ерекше назар аударылып отыр.

«Елімай» футбол клубын «коммерциялық емес акционерлік қоғам» меншік нысанына айналдыру жөніндегі пилоттық жобаны атап өту қажет. «Елімай» көптеген еуропалық клубтардың үлгісімен корпоративтік басқарудың осы моделін жүзеге асырған еліміздің алғашқы клубы болды. Клуб 100 миллион теңге сомаға акция шығарды. Қазірдің өзінде еңбек сіңірген қоғам қайраткерлері, көрнекті спортшылар және тағы басқалар «Елімайдың» акционері атануда», —Лория.

Тағы оқыңыз: СҚО-да көктайғақ салдарынан жүк көлігі аударылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *