Қыз алып қашқандарға тағайындалатын жаза күшейтілмек

Енді қыз алып қашқандарға тағайындалатын жаза күшейтіледі. Бұл ретте адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі тұрмыстық зорлық-зомбылық пен әйелдердің құқықтарын бұзу мәселелеріне талдау жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Елімізде әлі күнге дейін қыз алып қашатындар бар екені жасырын емес. Бұл әсіресе оңтүстік өлкеде өткір тұрған тақырып. Осы әрекеттің ежелден келе жатқан салт екенін айтып ақталатындар адам ұрлаудың ауыр қылмыс екенін ұмытып жатады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің мәліметінше, 4 жыл ішінде аталған санатта 200-ден астам құқық бұзушылық тіркелген. Алайда, некеге тұру мақсатында қыздарды ұрлау бойынша нақты статистикалық деректер жоқ. Өйткені Қылмыстық кодексте мұндай құқық бұзушылықтың жеке құрамы көрсетілмеген.

«Мәжбүрлeп неке құрғaн қыздарды бiлім мен мамандық алу мүмкіндігінен айырады. Бұл олардың тәуелді және осал жағдайын одан сайын нашарлатады. Адам ұрлaу жыныстық тұтастықты бұзуға, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлауғa, заңсыз бас бостандығынан айыруға және тіпті өз-өзіне қoл жұмсауға да әкеп соғады. Ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптар сынды стерeoтиптерді басшылыққа алып, жоғарыда аталған оқиғалар жайында хабарламау жағдайды ушықтырып барады. Жастар қылмыстық жауапкершілік туралы білмейді. Бұл ауыр қылмыс, адамның жеке басына қол сұғу мен бостандық құқығын өрескел бұзу екенін түсінбейді», — деді адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Мәжбүрлеп қыз алып қашуды тоқтату үшін қазір жауапты сала өкілдері заңнамаға бірқатар түзетулер енгізуді көздеп отыр. Жеке бап енгізу де жоспарда бар. Адам құқығы жөніндегі уәкілдің бастамасымен Қылмыстық кодекске «Неке қию мақсатында адамды ұрлау» деген 125-1 бапты енгізу туралы ұсыныс жолданды. Бұл идеяны Бас прокуратура қолдады.

Тағы оқыңыз: Петропавл ЖЭО-да салынып жатқан мұржаның 31 метрі дайын

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x