СҚО-ға Қытай Халық Республикасынан делегация келді. Аспан асты елінің өкілдері Қызылжар ауданында технологиялық парк ашқысы келеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов аспанасты елінен арнайы келген “Хэнань” ауыл шаруашылық инвестициялық корпорациясының делегациясымен кездесті. Шығыстағы көршімен берік байланыс орнағаны белгілі. Бұған сандар дәлел. Соңғы 2 жыл ішінде Қазақстаннан Қытайға экспортталған астық көлемі 5 есеге артып, 1,4 млн тоннаны құраған.

«Өңір – аграрлы аймақ. Қазақстанда өндірілетін ауылшаруашылық өнімдердің 11 пайызы бізден шығады. Тауарды сатуға, шекара асыруға әзірміз. Осы бағытта біраз жұмыс атқаруға ынталымыз. Сіздердің жобаларыңызды толық қарастырып, оны қолдауға тырысамыз», — СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов.

Қытайлықтар маңызды жобамен келіп отыр. Инвестиция құю, логистика және астықты терең өңдеумен айналысатын корпорация өкілдері ілкімді істі қолға алғысы келеді. Ол Қызылжар ауданында қолға алынбақ.

«Жалпы, орта Азия елдері, оның ішінде Қазақстан – ең үлкен серіктесіміз. Біздің басты мақсат – Қытайда жоғары нәтиже берген тұқым түрлерін, ауылшаруашылық технологияларды осында әкеліп, табысты жұмыс істеу. Бұл мақсатта корпорация Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетімен бірлесе отырып, өңірде технологиялық парк салуды жоспарлап отыр. Оған сіздердің қолдауларыңыз керек», — деді «Henan Agricultural Investment Capital Co. LTD» корпорациясы инвестициялық тобының кеңесшісі Тянь Цзяньминь.

Марат Тасмағанбетов қытайлық компания өкілдерінің жоспарымен толықтай танысты және облыс әкімдігі қолдау көрсететін жеткізді.

«Инженерлік-коммуникациялық бағытта әрі заң тұрғысынан қолдау көрсетуге дайынбыз. Бірақ кейбір мәселелерді әлі талқылау қажет деп ойлаймын. Бұдан кейін нақты шешім қабылдап, құжаттарға қол қоюға болады. Жоба жемісті боларына сенімдімін», — деді Марат Иманбайұлы.

Тағы оқыңыз: СҚО-да екі айдың ішінде 44 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *