Қытайда вирустың тағы бір түрі тарала бастады. Бұл жолғы індет «Чукунгунья» деп аталады. Бір күннің ішінде бұл дертке жеті мыңнан астам адам шалдыққан, деп жазады Qazaqstan Media.

Қытайдың Гуандун провинциясында өткен айдан бері жеті мыңнан астам адам чикунгунья вирусына шалдықты. Жергілікті билік ковид пандемиясы кезіндегідей алдын алу шараларын қолға алды. Ауру тараған Фошань қаласында науқастар госпитальдерге бір аптаға жатқызылып, олардың төсегінің үстіне масадан қорғайтын тор құрылды.

Айта кетсек, чикунгунья адамнан емес, масалардан ғана тарайды. Оны жұқтырғандар безгекке ұшырап, буындары сырқырап, жаңа инфекцияның симптомдары жылдар бойы сақталуы мүмкін.

«Чикунгунья» вирусы негізінен Африка, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия, Мексика және Гватемала елдерінде таралған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бұл дертке қарсы арнайы ем әзірге жоқ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да спортшылар разрядтарын қажетті құжаттарсыз алған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *