Төрт жылда бір келетін Қысқы Олимпиада ойындарына да аз қалды. Дүбірлі дода 6-22 ақпан күндері Италияның қос қаласында өтеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жарысқа 93 елден 3500 спортшы келеді деп күтілуде. Олар 16 спорт түрінен 195 медальді сарапқа салады. Байрақты бәсекеге елімізден қанша спортшы қатысады? Бұл сұраққа өңірге жұмыс сапарымен келген Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев тілшілермен кездесуде жауап берді.

«Қысқы Олимпиада ойындарына 40 спортшы апарамыз деп жоспарлап отырмыз. Оның тең жартысы жолдамаға ие болды», — деді Серік Жарасбаев

Тәуелсіздік алғалы ел құрамасы 7 қысқы олимпиадада бақ сынады. Дүбірлі додалардан 1 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль еншіледі. Осыдан 4 жыл бұрын өткен бүкіл әлем көз тіккен жаһандық бәсекеде жүлдесіз қалды. Серік Маратұлы биыл бұл олқылықтың орны толады деп сенеді.

«Қысқы Олимпиада ойындарына 40 спортшы апарамыз деп жоспарлап отырмыз. Оның тең жартысы жолдамаға ие болды. Олимпиадаға баруға үміткер 40 спортшының 22-сі талай байрақты бәсекеде топ жарған. Әсіресе, конки спорты мен шорт-тректен зор үміт күтеміз», — деді Серік Жарасбаев

Кездесуде тағы футбол клубтарын жекешелендіру, спорт нысандарын салу, қаржыны дұрыс игеру сынды мәселелер көтерілді.

Тағы оқыңыз: СҚО спортшылары гір спортынан өткен ел кубогында тұғыр биігінен көрінді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *