Қыркүйектен бастап үй жануарларын есепке қою керек

Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап ел азаматтары үй жануарларын есепке қоюға міндеттеледі. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, талапты елемегендерге айыппұл салынатын болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Министрлік үй жануарларын есепке алу ережелері күшіне енетіні жайында мәлім етті. Сол бойынша ит-мысықтарды міндетті түрде есепке қою керек. Бұл іске жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласында емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар жауапты. Бұл тұрғыда сұрақтары бар азаматтар жергілікті әкімдіктерге барып жүгіне алады. Айта кетейік, қолға алынғалы тұрған өзгерісті елемегендерге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 407-2-бабы бойынша айыппұл салынбақ.

Тағы оқыңыз: СҚО тұрғыны балаларды көкпар спортына баулып жүр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x