СҚО-да қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жаңа бастық келді

Солтүстік Қазақстанда тағы бір мекемеде жаңа бастық тағайындалды. Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментін енді 50 жастағы Мұрат Нәкенов басқарды, деп жазады Qazaqstan Media.

Мұрат Нәкенов  Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығымен тағайындалды.

Мұрат Нәкенов 1974 жылы 14 шілдеде Көкшетау облысы Қызылту ауылында дүниеге келген. Екі бірдей жоғары білім бар. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, ал 2003 жылы Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі академиясының заң институтын бітірген.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1997 жылы Солтүстік Қазақстан облысы қылмыстық-атқару жүйесі басқармасы бөлім бастығының кезекші көмекшісі қызметінен бастаған.  

Ол осы тағайындауға дейін күзет бөлімі бастығының кезекші көмекшісі, колония бастығының  орынбасары, СҚО бойынша ҚАЖ департаменті мекемелерінің бастығы, ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары лауазымдарында болды.

Соңғы атқарған қызметі Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары.

Естеріңізге  сала кетейік, облыстық ҚАЖ департментінің  бұрынғы бастығы Әділет Мұстафинов жұмыс кабинетінде пара алып жатқан жерінде ұсталған болатын. Кейін қылмыстық іс бойынша сот болып, оған 30 млн теңге айыппұл салынған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да әр гектардан орташа 17 центнерден астық жинауда

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x