Петропавлдық «Қуаныш» ВК кезекті жеңісіне қол жеткізді. Жерлес команда бұл жолы онтүстік астаналық «Алматы» командасынан басым түсті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Петропавлдық «Қуаныш» волейбол клубы чемпионаттың соңғы туры аясында онтүстік астаналық «Алматы» командасына қонаққа барды. Бірінші және кезең толықтай жерлестеріміздің бақылауды болды. Тиісінде, 15-25 және 18-25 есептерімен жеңіске жетті.
Ал үшінші кезең тартысқа толы болды. Жойқын соққылар мен әдемі комбинациялар бәсекенің көркін қыздырды. Өкінішке қарай, бұл кезеңде жерлестеріміз 27 де 25 есебімен қарсыласқа есе жіберді.
Төртінші кезеңде қателіктен сабақ алған қуаныштықтар қарсыласын ойсырата жеңіп, бәсекенің нүктесін қойды. Осымен волейболдан ел чемпионатының топтық кезеңі аяқталды. Енді бізді наурыз айында плей-офф күтіп тұр. «Қуаныш» волейбол клубы 14 ойында 11 рет жеңіске жетіп, топтық кезеңді екінші орынмен аяқтады.
Тағы оқыңыз: МӘМС саласындағы өзгерістер

