Петропавлда волейболдан ел чемпионатының бірінші туры өтті. Жергілікті «Қуаныш» ВК үш ойында да жеңіске жетті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жерлестеріміз алғашқы ойынын елордалық «Астана» командасымен бақ сынасты. Матч толығымен алаң иелерінің бақылауында болды. Нәтижесінде қарсыластарынан үш партияда да басым түсті.

Қуаныштықтар келесі ойынын «Қарағанды» волейбол клубына қарсы өткізді. Бұл матч та теріскейліктердің пайдасына шешілді. Есеп — 3-0. Бірінші турдағы соңғы қарсылас батысқазақстандық «Ақтөбе» болды. Бұл ойында жергілікті волейболшы қыздар үш те нөл есебімен жеңіске жетті.

Осылайша «Қуаныш» ВК ел чемпионатының бірінші турындағы барлық матчта жеңіске жетті. Бұл турнирлік кестеде бірінші орынға жайғасуға мүмкіндік берді.

Тағы оқыңыз: Іздеуде болған «Құлагер» хоккей клубының басшысы ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *