Жалпыхалықтық референдумға шет елде жүрген Қазақстан азаматтары да қатысып жатыр. Олардың белсенді түрде дауыс беріп жатқандығын ҚР СІМ орынбасары Роман Василенко орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте айтты, деп жазады Qazaqstan Media.
Түрлі шет мемлекетте 74 референдум учаскесі ұйымдастырылған. Олар 59 елді қамтиды. Барлығы Қазақстаннан тыс жүрген 13 307 адам референдумда дауыс береді.
«Сағат 8:15 шет елдегі 26 референдум учаскелік комиссиясы жұмысын бастады.Тағы да 48 учаске ашылуы тиіс. Бірер сағаттардан кейін Орта Азия және Еуропа елдеріндегі учаскелер жұмысын бастайды. Жалпы, шет елдегі қазақстандықтар саяси науқанға жауапкершілікпен қарап, белсенді қатысуда»,- деді Роман Василенко.
Соңғы болып Астана уақытымен 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында және 20.00 Сан-Францискодағы учаскелер ашылады.
Тағы оқыңыз: Петропавлдағы ҰҰ академиясының 78 курсанты бірінші рет дауыс берді