ҚР Премьер министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапары барысында Мамлют ауданында болды. Ол мұнда серіктестіктердің жұмысымен танысты, шаруалармен және «Қазақстанның Еңбек ері» Мұрат Қаражұмановпен кездесті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

ҚР Премьер министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов ең алдымен аудан орталығында «Ауыл Аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген пайызбен несие алған азаматтармен кездесті. Шаруалар Ералы Лұқпанұлымен алға қойған мақсаттарымен бөлісті.

Дияр Өмірзақ осыдан алты жыл бұрын Мамлют ауданы Покровка ауылынс көшіп келген. Ол төрт жыл бойы түрлі серіктестіктерде жұмыс істеген. Содан 2023 жылы тәуекелге барып, «Ауыл аманаты» жобасы арқылы несие алып, өз кәсібін бастаған.

ҚР Премьер министрінің кеңесшісі Мамлют ауданында болды
ҚР Премьер министрінің кеңесшісі Мамлют ауданында болды

«Ауыл Аманаты» жобасының аясында жеңілдетілген пайызбен 8 млн 600 теңге несие алдым. Осы ақшаға бірнеше сиыр сатып алдым. Қазір сүт өндірумен айналысамын. Май, қаймақ, ірімшік сатып пайда табам», — деді кәсіпкер Дияр Өмірзақ.

Шаруалармен кездесуден кейін Ералы Тоғжанов «Мамбетов и К» серіктестігінің тыныс-тіршілігімен танысты. Кейін жақында Мемлекет басшысының қолынан «Қазақстанның Еңбек ері» атағын алған Мұрат Қаражұмановпен кездесті. Кездесуге азаматтың отбасы да қатысты.

Келелі кездесуде Ералы Лұқпанұлы азаматқа салаға қосқан зор үлесі алғысын білдірді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда ҰБТ форматы тағы жаңартылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *