ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов СҚО-ның бизнес өкілдерімен кездесті

Облысқа жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрінің  кеңесшісі Ералы Тоғжанов келді. Ол алдымен өңірдегі бизнес өкілдерімен кездесті. Жиында Ералы Тоғжанов пен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, еңбекпен қамтуға және кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауылдағы табысты өсіруге арналған. Ералы Тоғжанов – «Ауыл аманаты» жобасының авторы. Бұл бастама қазір еліміздің бірнеше аймағында өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерген.

ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов СҚО-ның бизнес өкілдерімен кездесті

«Еліміздің 11 өңірін аралап, СҚО-ға келіп қалдық. Президент тапсырмасы аясында атқарылған істі айтқымыз келеді. Осы жоба аясында 2,5 пайызбен мемлекет басшысы ауыл тұрғындарына барынша жағдай жасады. Тұрмысы төмен отбасыға 10 сиыр береміз. Кәсіп иесі 5 жылдың ішінде 12 басты мемлекетке қайтарады. Ал қалғаны өзінде қалады. Бұл жерде мемлекет те, ауыл тұрғыны да ұтылмайды. Тауарлық кредитті құс үшін де беруге болады. Ауылдағы адамдарға мұндай да мүмкіндік ұсынылады», — деді Ералы Тоғжанов.

Өткен жылы облыста ауыл тұрғындарына жеке бизнесін  дамыту үшін 236 жеңілдетілген несие берілді. 250 жаңа жұмыс орны ашылды. Негізінен ауыл тұрғындары мал шаруашылығын дамытуға, техника мен құрал-жабдықтар сатып алуға, сауда және қызмет көрсету нысандарын ашуға, сондай-ақ жаңа кооперация құру үшін мемлекеттік қолдауға ие болған.

ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов СҚО-ның бизнес өкілдерімен кездесті

«Бағдарламаға сұраныс көп, сондықтан оны жүзеге асыруды жалғастырамыз. Биыл 91 жобаны қаржыландыру жоспарлануда, 150 жұмыс орны ашылмақ. Қой мен құс шаруашылығы және жемшөп өндірісі басым бағыттардың қатарында», — деді өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.

Тағы оқыңыз:Тыныштықты бұзған: Петропавлдық шенеунік қатаң сөгіс алды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x