ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Петропавлдағы үстел теннисі орталығында болды. Нысанның тыныс-тіршілігімен танысып, ардагерлер арасындағы жарысқа қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ералы Тоғжанов өңірге жұмыс сапары барысында Петропавлдағы үстел теннисі орталығында болды. Нысанды толық аралап, оң бағасын берді. Ол облыстағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жұмыстарға дән риза.

Орталық 24 теннис үстелімен жабдықталған. Залда көрермендерге арналған 430 орын бар. Ал салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданғысы келетін жастар үшін мұнда бәрі тегін.

Жобаның жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайды. Ғимарат 8 айдың ішінде бой көтерді. Былтыр ғана осы уақытта қолданысқа берілді. Ералы Тоғжанов ғимараттың тыныс-тіршілігімен танысып қана қоймай, ардагерлер арасында өткізіліп жатқан үстел теннисі жарысына қатысты.

«Ең бастысы жастардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы тиіс. Солтүстіктегі бірнеше спорт нысанын араладым. Қарқын жаман емес. Осы беттен таймаңыздар», — деді Ералы Лұқпанұлы.

Кейін Ералы Тоғжанов волейболдан ардагерлер арасында өткен жолдастық кездесуге қатысты.

Тағы оқыңыз: ҚР Премьер министрінің кеңесшісі Мамлют ауданында болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *