Қозыбаев пен Аризона университеттерінің қос дипломдық бағдарламасының студенттері – Амир Ағзамов пен Даниил Герасимов Сауд Арабиядағы Kaust университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Бұл — әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу жоғары оқу орындарының бірі, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Тағылымдама профессор Джесси Поландтың зертханасында ұйымдастырылды. Зертхана ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикасына, сондай-ақ өсімдіктер өнімділігін арттыруға арналған цифрлық және биотехнологиялық әдістерді қолдануға маманданған. Бағдарлама аясында студенттер заманауи бағдарламалар мен жабдықтарды пайдалана отырып, күнжіт пен бидай секілді ауыл шаруашылығы дақылдарының фенотиптік деректерін жинаумен айналысты.

Тағылымдаманың алғашқы кезеңінде олар қолданбалы статистиканы меңгеріп, R бағдарламалау тілін үйренді. Сондай-ақ, тәжірибелік деректерді талдау, оларды визуализациялау және қайталанбалы ғылыми жұмыс үдерістерін құру дағдыларын игерді.

Келесі кезең дала жағдайында өтті: студенттер KAUST мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, өсімдіктердің фенотиптік деректерін жинады. Бұл әдіс параметрлерді дәл әрі стандартталған түрде тіркеуге мүмкіндік берді.

Сынақтың маңызды бөлігі зерттеу тобының апта сайынғы бас қосулары болды. Онда магистранттар, постдокторанттар және тағылымдамадан өтушілер өздерінің ағымдағы нәтижелерін таныстырып отырды. Мұндай кездесулер студенттерге тәжірибелі ғалымдардан пікір алу, идеялармен бөлісу және ғылыми тәсілдерді сын тұрғысынан талқылау мүмкіндігін берді.

Бұл сынақ Қозыбаев университетінің студенттері үшін білімдерін арттыруға, тың жобаларды игеруге және ағылшын тілін жетік меңгеруге мүмкіндік берді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да қос басқарма басшысы қызметтік лауазымын асыра пайдаланған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *