Жетінші тамыз күні елімізде грант иегерлерінің тізімі шықты. Бұл күнді асыға күткен қарасы қалың болғаны айдан анық. Облыстағы жалғыз жоғары оқу орны Қозыбаев университіне өтініш берген мыңнан астам жастың айы оңынан туды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ұл-қыздардың көбі техникалық мамандықтарды таңдаған. Бұл еліміздегі жұмысшы мамандар тапшылығын жоюға зор септігін тигізеді.

«Биыл университетке түсем деуші түлектердің саны бес мыңнан асты. Оның 1021 ғана грант иегері атанды. Бәселестік өте жоғары болды», — деді М.Қозыбаев атындағы СҚУ академиялық мәселелер бойынша басқарма мүшесі Айгүл Нұрпейісова.

Жергілікті білім ордасы әрдайым жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бәрі білетіндей, білім ордасы 2022 жылдан бері Аризона университетімен тығыз байланыста. Биыл алғаш рет қос дипломдық бағдарлама бойынша білім алып жатқан студенттер Америка барып, оқуын жалғастырады.

«Осы ретте айта кететін тағы бір дүние бар. Ағымдағы жылы «Серпін» бағдарламасы бойынша оқу орнына 76 талапкер түскен. Аталған сандар былтырғыдан қарағанда әлдеқайда көп. Бұл биыл бірінші рет қолға алынған «SERPIN WAY» пилоттық жобасының арқасы деп айтуға толық негіз бар. Оқытушылар мен студенттеріміз бір айес жуық уақыт еліміздің онтүстік өңірлерін аралаған болатын»,- деді Айгүл Хайртаевна.

Сонымен қатар, биыл университетке Отан алдында борышын өтеген 28 жауынгер грантқа түсіпті. Жергілікті бюджет есібінен грант бөлінбеген.

Тағы оқыңыз: СҚО-да қысқа мал азығын дайындау 97,3 орындалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *