Синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысында алдағы 4 күнде көп мөлшерде жауын-шашын түсіп, күн жылынады деп отыр. Осыған орай өңірдегі шағын өзен-көлдердегі мұз еріп, су арнасынан шығуы мүмкін, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Облыста алдағы тәуліктерде қатты жауын-шашын мен көктайғақ болады деп болжануда. «Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше, 28 наурыз күні түстен кейін жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтілуде. Тұман болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетпек.
Жауын-шашын, қар 29-шы наурыз күні де болады деп күтілуде. Көктайғақ пен тұман да сақталады. Ауа температурасы да 0-ден жоғары болады. Қардың қарқынды еруі, жауынның болуы әрі жер қыртысының әлі қатты болуына байланысты су тасқыны болу қаупі жоғары. Әрі синоптиктер шағын өзен-көлдер арнасынан асуы мүмкін деп отыр.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады