Қазан айы да жауын-шашынды болады

Синоптик мамандар қазан айына арналған ауа райы болжамын жасады. Айтуларынша, ауа температурасы жылдағы нормаға сәйкес болады. Бірақ жауын да, қар да нормадан көп түседі, деп жазады Qazaqstan Mediа тілшісі.

Қазан айындағы орташа ауа температурасы +4, +5 градус шамасында болады. Бұл жылдағы күн райына сәйкес.

Қазгидромет қызметкерлерінің болжауынша, айдың бірінші онкүндігінде термометр көрсеткіші түнгі уақытта 0, -5 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін. Ал күндіз облыстың кей жерлерінде +16, +21-ге дейін жылы болмақ. Бұл күндері кей жерлерде қарлы жаңбыр болуы ықтимал.

Ал қазан айының онынан кейін күндізгі уақытта ауа температурасы 16 градусқа дейін ғана жылынады. Түнгі уақытта 0-5 градус салқын болады. Сонымен қатар, кей күндері күндіз ауа температурасы +3, +8 жылыны ғана көрсетуі мүмкін. Бұл күндері облыс бойынша көктайғақ болып, жаңбыр, қар, тұман түсуі ықтимал.

Айдың соңында күндіз де, түнде де үсік түседі деп болжап отыр мамандар.

«Үшінші декадада түнде ауа температурасы -3, -8 аяз, күндіз 2 градус аяз бен +3  жылы болады. Кейін түнгі уақытта термометр көрсеткіші -2, -3 градусты көрсететін болады. Күндіз 8, 13 градус жылы болады. Облыстың шығысында +18  жылы болады», — деп жазылған Қазгидрмет таратқан хабарландыруда.

Қазан айында түсетін жауын-шашын нормадан көп болмақ. Мамандар Петропавл қаласы бойынша ең жылы қазан айы 2018 жылы бесінші қазанда тіркелді деп отыр. Ол күні +26 ыстық болыпты. Ал ең суық күн 1940 жылы 31-ші қазанда болған. Бұл күні термометр көрсеткішіс -25 градусты көрсеткен.

Тағы оқыңыз: Қазан айындағы мереке күндері

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x