[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/fd06dd94-f02c-48f8-a645-cdb6bf16b58f-1.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі қазақы ит тұқымдары – тазы мен төбеттің стандарттарын бекітті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Стандарт аталған ит тұқымдарының сипаттамасын, өлшемдерін, кемшіліктері мен ақауларын қамтиды. Мәселен, қазақы тазының бойы орта және ортадан жоғары, мықты денесі бар арықтау ит, созылу индексі – 103.

Төбет шоқтығының биіктігі 60 сантиметрден 70 сантиметрге дейін, қаншықтың шоқтығы – 55 сантиметрден 65 сантиметрге дейін. Бойының жоғарғы шектен асып кетуі пропорция және стандарттың талаптары сақталған жағдайда ақаулық немесе кемістік болып саналмайды. Өңі: қара, ақ, түрлі реңкті ақшыл сарғыш, қызыл және сұрдың барлық реңктері. Барлық өңдер тұтас, одан бөлек теңбіл болуы мүмкін. Тұмсығында, құлағында, аяқтарының ұштарында қара дақтар болуы мүмкін. Күшіктер өсу, жыныстық жетілу барысында түсін және реңін өзгертуі мүмкін. Жүні жұмсақ, жібек тәрізді, тік, ұзындығы 4,5 сантиметрге (қыста) және 2,5 сантиметрге дейін (жазда) болады, қысқа жүнді түбіті жақсы жетілген.

Саусақтарының арасында қысқа және қатты шаш өседі. «Жарғақ құлақ», «тықыр тазы» сияқты тазының тегіс жүнді түрлеріне (ілгегі мен шашағы жоқ) рұқсат етіледі.Терісі жұқа, созылғыш, қатпары жоқ. Бұлшық еттері жақсы дамыған, әсіресе белінде, жамбасында, сүйектері мықты, бірақ ауыр емес.

Осылайша құжатта қазақы тазының құлағы, көзі, тісі, аяқтары мен табандарына дейін сипаттама жазылған.

Айта кетейік, биыл қаңтар айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақы ит тұқымдарын сақтау туралы заңға қол қойған еді.

Стандарттың толық мәтінін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің сайтынан оқуға болады.

Аталған бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Тағы оқыңыз: Облыстағы су қоймаларының деңгейі көтеріліп келеді.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x