Қазақстанның елтаңбасы өзгермейтін болды

Қазақстанда әзірге елтаңба өзгермейді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі айтты деп жазады Qazaqstan Media Власть агентігіне сілтеме жасап.

15 наурызда Ұлттық құрылтай отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі елтаңбаны қабылдау тым қиын екенін және оның құрамында кеңес дәуірінің эклектикасы мен белгілері барын айтқан болатын.Ол қоғамдық талқылаулар өткізу үшін арнайы комиссия құруды, содан кейін Қазақстанның жаңа мемлекеттік елтаңбасының ең үздік эскизіне ашық конкурс жариялауды ұсынды.

Бірақ белгілі болғандай Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның елтаңбасын өзгерту мәселесі жақын арада қарастырылмайтынын мәлімдепті.

«Мәселе күн тәртібінен шығарылды», – деп хабарлады мәдениет министрлігі.

Осыған дейін  қаржы министрі Мәди Тәкиев су тасқынына байланысты елтаңбаны өзгерту туралы шешімді кейінге қалдыру керек деген пікір білдірді. Сонымен қатар аталмыш министрлік биыл Мәдениет министрлігі жаңа елтаңба шығаруға кететін шығынды жарияламағанын айтты.

Тағы оқыңыз: СҚО-да түрік инвесторлары тағы бір зауыт салмақшы

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x