Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарындағы артық ақшаны емге пайдалана алмайды. Бұл туралы хабарлама «Отбасы Банкі» сайтында жарияланды, деп жазады Qazaqstan Media.

«2026 жылғы 12 қаңтар күні сағат 19:00-ден бастап enpf-otbasy.kz платформасында БЖЗҚ-ның біржолғы зейнетақы төлемдері (БЖЗТ) есебінен емделуге өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады»,- деген хабарлама таратылды.

Отбасы банк Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, БЖЗТ есебінен медициналық қызметтер алу талаптарын қайта қарайды. Ол бастысы зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдалануды болдырмау үшін керек.

Талаптарды түзету аяқталғаннан кейін БЖЗТ пайдалана отырып емделуге өтінім қабылдау қайта басталады. екен.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жасөспірімдер арасында үлкен теннистен халықаралық турнир өтуде

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *