Қазақстандықтар тамыз айында неше күн демалады?

Қазақстандықтар тамызда 10 күн демалады. Демалыс күндерінің 9 күні сенбі-жексенбіге түседі. Ал ай соңында демалыс үш күнге созылады,  деп жазады Qazaqstan Media.

Тамыз айында 5 күндік жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейтін азаматтар 10 күн демалса, 6 жұмыс күні кестесімен істейтіндер 5 күн демалады.

Ал айдың аяғында қазақстандықтар қатарынан үш күн демалуына 30 тамызда аталып өтетін Конситуция күнінің жұмаға түсуі себеп. Солайша қазақстандықтар жаз маусымының соңында 30-31 тамыз және 1 қыркүйек күні демалмақ.  Бұл күндері 6 күндік жұмыс кестесімен істейтін азаматтар жұма күні демалып, сенбі жұмысқа шығады.

Айта кетейік, 2024 жыл 366 күнге толады. Оның 249-ы жұмыс күнімен 117-і демалыс күнімен өтеді. Ең көп демалыс наурызда айында болды. Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекесінің күндерін қосқанда 14 күн демалыс шықты.

Қазан айында Республика күніне орай 3 күн демалыс. Қазақстандықтар 22 жұмыс істеп, 9 күн демалады. Жыл аяғы желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай 3 күн демалыс беріледі. Жалпы бұл айда 21 жұмыс күні болса, қалған 11 күні демалыспен өтпек.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жаңбырлы күндер сақталады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x