Биыл наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда 14 күн демалады, деп хабарлайды  Qazaqstan Media тілшісі. 

Өйткені, көктемнің алғашқы айында екі мемлекеттік мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы тойланады.

Халықаралық әйелдер күні аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үш күн, 8, 9, 10 наурызда демалады. 

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 9 наурыз жұмыс күні болмақ.

Ал Наурыз мейрамында қазақстандықтар бірден бес күн демалады – 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз. Мереке наурыздың 21-і мен 23-і аралығында тойланады. 23 наурыз сенбіге сәйкес келгендіктен, дүйсенбі, яғни 25 наурыз демалыс күні тізіміне қосылады. 

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін дүйсенбі, 25 наурыз – жұмыс күні. 

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі бөгеттердің жағдайын тексерді

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *