EGov сайтында жарияланған мереке мен демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, Қазақстан тұрғындары қараша айында 10 күн демалады. Оған айдың алғашқы күндері сенбі мен жексенбіге түсіп отырғаны себеп болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Айдың алғашқы күндері 1 мен 2 қараша да, соңғы күндері 29 мен 30 қараша да сенбі мен жексенбіге түсіп тұр. Сол себепті қарашада мемлекеттік мерекенің жоқтығына қарамастан, қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасы аясында 10 күн демалатын болады.

Қарашада мемлекеттік мерекелер жоқ болғанымен, кәсіби күндер бар:

5 қараша — Сыртқы барлау күні;

8 қараша — Статистика күні;

10 қараша — Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні;

11 қараша — Энергия үнемдеу күні;

15 қараша — Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің күні және ұлттық валюта — Теңге күні;

Ққарашаның үшінші сенбісі — Бұрғылаушылар күні;

Қарашаның үшінші жексенбісі — Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні;

18 қараша — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл 24 млн қайың мен қарағай егіледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *