Әлемде жыл сайын 16 қазан Нан күні ретінде аталып өтіледі. Өткен жылы елімізде 510,1 мың тонна нан, ал ағымдағы жылдың 8 айында – 326,3 мың тонна өндірілген, деп жазады Qazaqstan Media АШМ сілтеме жасап. 

Нан зауыттарының өндірістік қуаты жылына 457,4 мың тонна.
Өнімнің негізгі бөлігі – бидайдан пісірілген қалыпты нан, үлестік салмағы жалпы ассортименттің шамамен 60% тиесілі.

Тұтынушылар сұранысына қарай өнім түрлері жыл сайын көбеюде. Оның қатарында қысқа және ұзақ мерзімге сақталатын тоқаш, ұннан және кондитерлік өнімдер де бар.

Еліміздің 2021–2030 жылдарға арналған АӨК дамыту тұжырымдамасы аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.

Атап айтқанда, жылына 2 мың тоннадан астам қуаты бар нан-тоқаш немесе кондитерлік өнімдер шығаратын кәсіпорындарға инвестициялық шығындардың 25%-ын өтеу түрінде қолдау көрсетіледі.

Бұдан бөлек, ұн өндірушілер үшін салықтық жеңілдіктер бар. Мысалы, Салық кодексінің 411-бабына сәйкес, бұл саладағы ҚҚС мөлшерлемесі 70%-ға төмендетілген. Қазақстандағы нан өндірісі ішкі нарықтағы қажеттілікті толық қамтиды.

«Егіс даласынан – дүкен сөресіне дейін» жалғасатын тұрақты өндіріс тізбегінің арқасында халқымыз күн сайын сапалы әрі қолжетімді нанмен қамтамасыз етіліп отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жеке сот орындаушылары салық заңнамасын бұзған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *