Қазақстанда жол қозғалысы ережесіне өзгертулер енгізілді
Қазақстанда жол қозғалысы ережесіне өзгертулер енгізілді. Жаңашылдық жүк көліктеріне де, жеңіл машиналарға да қатысы бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Маңызды өзгерістің жай-жапсарын жайлы білуі үшін тәртіп сақшыларымен тілдесуді жөн көрдік. Солтүстің ауа райын алдын ала болжау қиын. Бір күні боран соқса, екінші күні толассыз жаңбыр жаууы да мүмкін. Тұман мен көктайғақ та жиі болып тұрады. Мұндай кезде жол-көлік оқиғаларының саны артатыны жасырын емес. Жаңа ережеде бұл бағыт та назарсыз қалмапты.
Қазақстанда жол қозғалысы ережесіне өзгертулер енгізілді
«Жүк көліктері қала мен елді мекендердің ішінде 50 км/сағ жылдамдықпен жүруі тиіс. Бұл жолда 80 немесе 90 км/сағ жылдамдықпен жүруге рұқсат етілген арнайы белгілері бар учаскелерде қолданылмайды. БҰҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, мәселен жүк көліктері 50 км/сағ жылдамдықпен адам соқса, қайғылы оқиғалардың саны едәуір төмендейді», — деді СҚО ПД ӘПБ аға инспекторы Қайыржан Әліманов.
Боран, тұман, қар, жаңбыр кезінде жол апаттарының алдын алу мақсатында талаптар жаңартылды. Енді колоннада патрульдік көлікке ілесіп жүрген машиналарға маневр жасауға, басып озуға, өздігінен тоқтауға тыйым салынады.
Осы ретте сандарды сөйлетсек, жыл басынан облыста 500-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 45 адам қаза тауып, 600-ден астам адам түрлі дене жарақатын алды. Енгізілген өзгертулер жағымсыз статистиканың өспеуіне септігін тигізсе игі.