Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, діни сұрақтарға лезде жауап беретін «Imam AI» мобильді қосымшасын әзірлеп іске қоспақ. Бұл туралы Бас мүфти мәлімдеді, деп жазады Qazaqstan Media.
«Imam AI» мобильді қосымшасы арқылы азаматтар күнделікті өмірде туындайтын діни сұрақтарына лезде жауап алады. Ол арқылы халық сенімді, тексерілген дереккөздерге негізделген дұрыс мәліметке қол жеткізбек.
«Заман талабына сай біз де жасанды интеллект мүмкіндіктерін діни салада жүйелі түрде енгізуді қолға алуымыз қажет. Бұл, ең алдымен, халықтың діни сұрақтарына жедел әрі сенімді жауап беруге, сондай-ақ дін қызметкерлерінің жүктемесін азайтуға жол ашады»,-деді Бас мүфти.
Тағы оқыңыз: Петропавлда ірі габаритті қоқыс шығару бойынша арнайы қызмет көрсетілмейді

