Қазақстанда жастарға несие алу жеңілдей түседі

Қазақстандық жастардың несие алу кезінде есепке алынатын кірістері өзгерді. Ол туралы қаулыны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Ашық НҚА» порталында жариялады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Агенттік 21 жасқа дейінгі жастарға несие беру кезінде есепке алынатын кіріс түрлері тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр. Тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА»  порталында жарияланды.

Несие рәсімдеуден бұрын банктер қарыз алушының төлем қабілетін оның кірісіне сүйене отырып бағалайды. Бұған дейін жастардың кірісі ретінде оның жалақысы мен стипендиясы есепке алынатын. Енді банктерге дебеттік карталардағы толықтыруларды, оның ішінде туыстардан келіп түсетін аударымдарды да есепке алуға рұқсат беріледі.

«Бұл 21 жасқа толмаған азаматтардың дебеттік картаны толықтыру арқылы алатын кірістерін есепке алу мүмкіндігін беру үшін жасалып жатыр. Бұл ретте бірдей соманы қайталап есептеуге жол берілмейді», – деп жазылған түсіндірмеде.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық ұстаздар республикалық байқаудан жүлделі оралды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *