Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажеттігін тапсырды. Бұл туралы Президент жыл сайығы халыққа Жолдауында айтты, деп жазады Qazaqstan Media.

«Қазіргі құзырлы министрліктің негізінде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы қажет. Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында. 

Президент Қазақстан үш жылдың ішінде жаппай цифрлық ел болуы керектігін айтты.  Ол, Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде танытамыз десек жұмысты жаңа тәсілмен жүргізу керек, деді.

Тағы оқыңыз: «Құлагер» ХК маусымды жарқын жеңіспен бастады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *