Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа екпелер енгізіліп, вакцинация кестесі жаңартылады. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, өзгерістер АПВ, көкжөтел, менингококк инфекциясына қарсы алдын алу шараларын қамтиды, деп жазады Qazaqstan Media.

2023 жылғы қыркүйектен бері 238,2 мыңнан астам профилактикалық вакцинация жасалған. Оның ішінде 149,3 мыңнан астам 11–13 жас аралығындағы қыз бала АПВ екпесінің алғашқы дозасын, ал 90 мыңға жуық жасөспірім екінші дозасын алды.

«АПВ-ға қарсы вакцина қауіпсіз әрі тиімді деп бағаланады. Вакцина алғандар арасында жағымсыз реакциялар тіркелмеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан ұсынылған. Бұл екпе жатыр мойны обырынан, жыныс мүшелері мен анус обырынан, гениталий кондиломаларынан қорғауға бағытталған. Бүгінде әлемнің 147 елі оны ұлттық бағдарламасына енгізсе, 76 елде ұлдар да егілуде. Енді Қазақстан да 11 жастағы ұлдарды қамту арқылы контингентті кеңейтпек»- деді ҚР ДСМ. 

Әскерилер менингококк инфекциясына қарсы егіледі

Қорғаныс министрлігінің бастамасымен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге менингококк инфекциясына қарсы екпе енгізу жоспарланып отыр. Бұл топ – инфекциялық аурулар бойынша жоғары қауіп тобына жатады. Вакцинация ұжымдық тұрмыс жағдайында жиі болатын әскерилерді инфекциялық аурулардан қорғауға бағытталған.

1 жастағы балаларға вакцина кестесі жаңартылады

Ұлттық техникалық консультациялық топтың ұсынымдарына сәйкес, 1 жасқа дейінгі балаларға арналған вакцинация кестесі де қайта қаралуда. Енді көкжөтел, дифтерия, сіреспе, В типті гемофильді инфекция, полиомиелит және В гепатитіне қарсы екпе салу тәртібі өзгермек.

Сонымен қатар, 16 жастағы жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге де эпидемиологиялық көрсеткіштерге сай, ерікті түрде көкжөтелге қарсы вакцина егу жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам ауыр жарақат алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *