«Ашық НҚА» порталында Қаржы министрлігі бұйрығының жобасы жарияланды, оған сәйкес Қазақстанда темекі бағасы көтеріледі. Келер жылы темекінің ең арзаны 870 теңге тұратын болады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Құжатта 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап аяғына дейін сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 темекіге, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төменгі бөлшек бағаны 820 теңге мөлшерінде бекіту ұсынылатыны айтылған.
Келесі жылы бұл баға 870 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Бұйрық жобасы 10 маусымға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Темекі бұйымдарының ең төменгі бөлшек сауда бағасының көтерілу себептері темекі өнімдеріне акциз ставкасының өткен жылмен салыстырғанда 12,8%-ға артуымен болып отыр.
Тағы оқыңыз: Петропавл ЖЭО жөндеуге 17,6 млрд теңге бөлінді