Қазақстанда Төтенше жағдайлардың алдын-алу комитеті құрылды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде тағы бір комитет құрылды. Ол Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комитет деп аталады. Тиісті қаулыға премьер-министр қол қойды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Құжат НҚА Эталондық бақылау банкінің сайтында жарияланған.

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын. Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын», — делінген құжатта.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Ведомствоның ресми сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, қазір Төтенше жағдайлар министрлігінде 5 комитет бар: азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті, өртке қарсы қызмет комитеті, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік материалдық резервтер комитеті, төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті.

ТЖМ жаңа ведомство орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қатысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерінде бақылауды жүзеге асыратынын түсіндірді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда газ бағасы кезең-кезеңмен өседі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x