Қазақстанның алты өңірінде  «Егін» арнайы іс-шарасы өтіп жатыр. Оның барысында полиция қызметкерлері астық сатумен айналысып келген төрт қылмыстық топты анықтады, деп жазады Qazaqstan Media.

Тәртіп сақшыларының арнайы іс-шарасы Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында өтіп жатыр. Ол ауыл шаруашылығы өнімдерін ұрлаудың алдын алу және жолын кесу мақсатында ұйымдастырылған. Осы өңірдерде барлығы 55 жылжымалы топ құрылған. Тәртіп сақшылары шамамен екі мыңға жуық астық сақтау және өңдеу нысандарын бақылап, егін жинау жұмыстарына тартылған 1100-ден астам көлік пен арнайы техниканы тексерді.

 

«Тексеру нәтижесінде жаңа өнімді ұрлаудың 8 дерегі анықталды. Тәркіленген мүліктің жалпы көлемі — 141 тоннадан астам ұрланған астық, 175 келіге жуық басқа дәнді дақылдар. Егіс алқаптарынан ұрланған 200 литрден астам жанармай және ауыл шаруашылығы техникасына тиесілі 15 қосалқы бөлшек анықталды»-деп хабарлайды ҚР ІІМ.

Сонымен қатар, астық сатумен айналысқан төрт қылмыстық топ анықталып, 18 адам ұсталды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда банктер ипотека беруді тоқтатып жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *