Қазақстанда сатылатын еттің сапасын QR код арқылы білуге болады

Елімізде ет және ет өнімдері саудаланатын орындарда QR код орнатылып жатыр. Ол арқылы сойылған малдың толық өмірлік циклы туралы ақпарат алуға болады екен. Бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы министрлігінің енгізген жаңалығы, деп жазады Qazaqstan Media.

Төрт түлік малды тексеріссіз союға жол бермеу мақсатында алдымен ветеринариялық тексеруді және союдан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптаманы өткізу үшін ведомство «Етті ветеринариялық-санитариялық сараптау» модулін әзірледі.
Жүйе сою және ішкі сауда объектілерінде ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткеннен кейін сараптама актісін берудің бизнес-процестерін автоматтандырады. Сондай-ақ жануардың толық өмірлік циклы туралы ақпараты бар QR кодты жасайды.
Бұл QR ет сататын орындарда тұрады, малды ветеринарлық тексерусіз және ұша мен ағзаларды сараптамасыз союдың алдын алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жоба іске қосылып, барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істеп тұр.
Оған 1664 мал сою орны, ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханалары, сауда орындары қосылған. Жүйеде 1470-тен астам ветеринар, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының қызметкері және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар тіркелген.

Тағы оқыңыз: СҚО-да медицина саласы қызметкерлерінің кесірінен онкологияға шалдыққан азаматтар мүгедектік ала алмай келген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x