Қазақстанда 2024 жылдың 1 қазанынан бастап пойыз билеттері қымбаттайды. Көлік министрлігінің таратқан ақпаратына сенсек жол жүру ақасы 20 пайызға көтерілмек, деп жазады Qazaqstan Media.
Министрліктің хабарлауынша, билет құны кейбір бағыттар бойынша ғана қымбаттайды екен. Елімізде 140 жолаушы тасымалы бағыты бар. Оның 62-сінде тариф көтеріледі. Бұл өзгерістер көлік паркін жаңарту, көрсетілетін қызметті жақсарту және қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін қажет болып отыр.
Қазір Қазақстандағы жолаушылар вагондарының паркі 2667 бірлікті құрайды. Оның 44 пайызы тозған.
«Автопаркті жаңартуды жеке тасымалдаушылар да, ұлттық тасымалдаушылар да жүзеге асырып жатыр. Осылайша, 2023 жылы 118 бірлік, 2024 жылы 140 бірлік вагон сатып алынса, 2025 жылдан бастап жыл сайын 200-ден астам вагон сатып алу жоспарланған. Ал 2030 жылға қарай сатып алу 1200-ге жетеді, әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдау бағасын (тарифін) көтеру «Темір жол көлігі туралы» Заңның 12-бабына сәйкес жүзеге асырылады», – делінген ақпаратта.
Автопаркті жаңарту жұмыстарына байланысты пойыз билеттерінің бағасы 2024 жылдың 1 қазанынан бастап көтеріледі деп жоспарланып отыр.
Тағы оқыңыз: Тимирязев ауданының мехбригадасы үйлердегі жөндеу жұмыстарын аяқтауға жақын