Қазақстанда «Бақытты отбасы-бақытты ел» атты республикалық акция бастау алды. Шара 14-ші қыркүйек — Отбасы күніне арналған. Науқаннан теріскейліктер де қалыс қалмады деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Танымды шаралардың бірі — Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде өтті. Оған тәртіп сақшылары, психологтар мен студенттер және олардың ата аналары қатысты. Басқосуда отбасы құндылықтары жайлы кеңінен сөз болды.

Қазақстанда Отбасы күніне арналған акция басталды
Қазақстанда Отбасы күніне арналған акция басталды

«Қазақта «Отан-отбасыдан басталады» деген сөз бекерден бекер айтылмаған. Еліміз дамысын десек, жанұядағы қарым-қатынасты түзеуіміз қажет. Ата-аналар балалардың тәрбиесіне бесіктен белі шықпай жатып көңіл бөлуі тиіс. Олай болмаса, жетесіз балалардың саны еселеп артады. Оларға өскенде жаман жолға түседі»,- деді психолог Ольга Агапова.

Психологтардың сөзінше отбасындағы кез келген мәселенің шешімі — диалог. Ата-аналар бауыр еті баласымен ұдайы сөйлессе, уақыт бөлсе елдегі жастардың қатысуымен болып жатқан құқықбұзышылықтардың саны азаяр еді. Бүгінгі басқосу биыл тұла бойы тұңғышы колледжге оқуға түскен Мақпал Тоқтанаева үшін өнегеге толы кездесу болды.

Қазақстанда Отбасы күніне арналған акция басталды
Қазақстанда Отбасы күніне арналған акция басталды

«Балаларыммен күнде кешке әңгімелесеміз. Кішкентайларының телефондарын ұдайы бақылаймын. Не көріп жүргендері мен үшін аса маңызды. Әлеуметтік желіден жаман дүниелерді көруі мүмкін ғой»,- деді қала тұрғыны Мақпал Тоқтанова.

Жанұядағы ұрыс-керіс балаға тікелей әсер етеді. Жеткіншек өз үйінде зорлық-зомбылық әрекеттерін көрсе, психологиялық ауытқулар болуы да ғажап емес. СҚО-да жыл басынан аталған жайтқа қатысты 21 жайсыз дерек орын алған. Салдарынан өкінішке қарай бір адам көз жұмған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жол апатында қаза болған полицейлерді ақтық сапарға шығарып салды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *