Қазақстанда онлайн құрбандық шалуға болады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы онлайн құрбан шалуға мүмкіндік беретін платформаның іске қосылғанын хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2024.kz сайтын іске қосты. Ол арқылы онлайн құрбан шаламын деушілер малды таңдап, төлем жасай алады.

«Құрбандыққа шалынатын мал таңдалған соң Kaspi QR арқылы ақша аударылады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйені бір немесе жеті адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келеді», – деп жазылған діни басқарманың хабарламасында.

Құрбандық шалынғаннан кейін оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі.

Сайтта белгіленген баға бойынша:

Қойдың құны – 75 мың теңге;

Ірі қара малдың құны – 490 мың теңге

Сайт арқылы құрбан етін алуға да өтініш қалдыруға болады.

Айта кетейік, осыған дейін Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымда басталады деп белгіленген болатын. Бұл күні ел тұрғындары демалуы тиіс еді. Бірақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы айт мерекесінің бірінші күні 16 маусым басталатынын хабарлады. Бұл жексенбі күнге түседі.

Тағы оқыңыз: «Аңсаған сәби»: СҚО-да 42 жастан асқан әйелдерге квота берілмейді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x