Қазақстанда Нипах вирусын жұқтыру, сондай-ақ оны ел аумағына әкелу жағдайлары тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Сонымен қатар, профилактика мақсатында және Үндістандағы Нипах вирусы бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі барлық өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейтті. Үндістанға және ауру тіркелген Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдерінен келген адамдарға ерекше назар аударылады. Осы инфекция тіркелген мемлекеттердің тізбесі тұрақты негізде қайта қаралады және жаңартылады.
Медициналық ұйымдар дайындыққа келтірілді. Шұғыл медициналық көмек және инфекциялық стационарлар бригадаларының дайындығы қамтамасыз етілді. Дәрілік заттардың, жеке қорғану және дезинфекциялау құралдарының азайтылмайтын қорлары қалыптастырылды.
«Нипах вирусы зооноздық инфекцияға жатады. Адамдарға жануарлардан, соның ішінде жарқанаттар мен шошқалардан жұғады. Ластанған тағамдар мен сусындар арқылы берілуі да мүмкін. Алғашқы белгілері: жоғары температура, бас ауруы және орталық нерв жүйесінің зақымдалады», — деп үндеу жасады жауапты министрлік.
Тағы оқыңыз: Құрылтай депутаты қандай жағдайда мандатынан айырылады

