Қазақстанның әскери бөлімдерде заманауи IT-жүйелермен бейнебақылау орнатылады. Сонымен қатар, командирлермен сарбаздарға бейнежетон тағыдалады. Бұл туралы Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов жеткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бас әскери прокуратураға Қарулы Күштермен бірлесіп екі жаңа жобаны жүзеге асыру тапсырылған. Олар «Әскердегі заң және тәртіп» және «Цифрлық профилактика». Бұл бастамалардың мақсаты – әрбір сарбаз өзін қауіпсіз әрі қорғалған сезініп, ал командирлер сенім мен қолдауға ие болатын жүйе қалыптастыру.
«Ең алдымен әскери бөлімдерде заманауи IT-жүйелермен бейнебақылау орнатылады. Жасанды интеллект технологияларын енгізу арқылы жағдайды автоматты түрде талдап, жеке құрамның қауіпсіздік деңгейін арттыру көзделуде. Командирлерді (далалық жаттығуларда, атыс кезінде, оқу-жаттығуларда) және қарауылдағы және жауынгерлік кезекшіліктегімерзімді қызметтегі сарбаздарды бейнежетондармен жарақтандыру жоспарлануда. Бұл қызметті өткеру барысында нақты әрі үздіксіз бақылау жүргізуге мүмкіндік береді»,- деді Берік Асылов.
Қазірдің өзінде armia.kz сайтында «Цифрлық кеңесші» іске қосылды. Сонымен қатар жаңа байланыс арналары арқылы әрбір сарбаз өз құқығын қорғап, қажетті көмек ала алады.
Жастарды әскерге шақырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін де маңызды өзгерістер енгізілуде. Медициналық комиссия жұмысы енді аудио-бейнежазба арқылы тіркеліп, хаттамалар цифрландырылады. Бұл — денсаулығында ақауы бар азаматтардың әділетсіз шақырылуына жол бермейді.
Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық муайтайшылар ел чемпионатында 19 медаль жеңіп алды