25-ші маусымнан Қазақстанда 2025-2026 оқу жылдарына құжат қабылдау басталды. Мемлекеттік тапсырыс бойынша биыл 150 мың талапкерді қабылдау жоспарланып отыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Орта арнайы білім ордаларында биыл техникалық бағыт бойынша гранттар көбейтілген. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.  Геология, машина құрлысы, энергетика, IT, металлургия және көлік салаларында мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін оқуға мүмкіндік көп.

Құжаттарды  egov.kz порталы арқылы немесе колледждардың өздеріне барып тапсыруға болады. Төрт мамандық және төрт білім ордасын таңдауға мүмкіндік беріледі.  Құжаттарды қабылдау көп мамамндықтар бойынша 22-ші тамызға дейін жалғасады. Шығармашылық бағытта- 22ші шілде және педагогика мен медицина бойынша 10-шы тамызға дейін құжат тапсыруға мүмкіндік бар.

Оқуға қабылдау аттестаттың орта ұпайы бойынша қабылданады. Кейбір сала бойынша кеңесу, эссе немесе салалық емтихандар бойынша өткізіледі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда нашақорлыққа қарсы жаппай жүгіру өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *